Прокуратура өмірлік қауіпті жағдайда қалған үш баланы қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұйғыр ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында, мобильді топпен шығу барысында Шонжы ауылы тұрғынының үш баласы қауіпті өмірлік жағдайда екендігі анықталды.

Балалар тұрып жатқан тұрғын үйдің жағдайы қанағаттанарсыз, сондай-ақ 15 жасар жасөспірім «жүйелі қызыл жегі» ауруымен науқас екендігі, ал анасының мінез-құлқында ауытқулар мен агрессия байқалып, қызын емдетуден бас тартатындығы белгілі болды.

Прокуратура үйлестіруімен шұғыл түрде қорғаншылық және қамқоршылық  органымен балаларды анасынан алу жасалып, науқас жасөспірім дереу медициналық мекемеге жатқызылды.

Ал екі кәмелетке толмаған балаға қатысты қамқоршы ретінде анасының әпкесі тағайындалып, олар жақсы тұрмыстық жағдайы бар үйге орналастырылды.

Прокуратура балалардың қауіпсіздігі мен жарқын болашағын қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды жалғастырады.

 

#Заң_мен_тәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1182282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version