«Пролетарка» шаруа қожалығының («Багратион» ЖШС) ұжымымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 13 наурызында Ұлан ауданында көктемгі дала жұмыстары басталар алдында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы А.А. Қабаев «Пролетарка» шаруа қожалығының («Багратион» ЖШС) ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары, еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеру тәртібі, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде жұмыс берушінің іс-әрекеті түсіндірілді.
Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, еңбекті қорғау бойынша нұсқамалар жүргізу, қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден өткізу және оларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету сұрақтарына ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1181591?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version