Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғын үй мәселелері кеңінен қаралып, тұрғын үй кезегіне тұру, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін (арендалық) пәтер алу тәртібі заңнама талаптарына сәйкес түсіндірілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін деректерді түгендеу үдерісі «Отбасы банк» арқылы жүргізілетіні, түгендеуден уақытылы өту – азаматтардың тұрғын үй кезегіндегі мәртебесін сақтау үшін міндетті талаптардың бірі екені түсіндірілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау