Наурызнама аясында Департаментте «Қайырымдылық күні» аталып өтіледі. Бұл күн дәстүр бойынша мұқтаж жандарға қолдау көрсету, көмек ұсыну және қоғамдағы мейірімділікті насихаттауға арналған.
Қайырымдылық күніне орай Департамент қызметкерлері қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан батыр әріптестерінің отбасыларына барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, қолдау көрсетті.
Арнайы барып, Өртке қарсы қызметтің аға сержанты Жұлдызбек Тұрарұлы Есеналиев және Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Жомарт Орынбасарұлы Сәрсенбековтің отбасыларына көрісіп, балаларға тәттілер мен сыйлықтар табысталды.
Бұл іс – батыр әріптестердің ерлігін еске алу, олардың жақындарына тұрақты қолдау көрсету және ұжым арасындағы бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Мұндай шаралар қоғамдағы адамгершілік, жанашырлық пен бауырмалдық құндылықтарын дәріптейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1181987?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау