15 наурыз — «Наурызнама» онкүндігінің екінші күні, яғни Қайырымдылық күні. Бұл күн қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттауға арналған.
Осыған орай «Жақсылық жасап жарысайық» бастамасы аясында Жыланды ауылдық округінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында Жыланды ауылдық округіне қарасты Майқан ауылының тумасы Ольга Сергейқызының демеушілігімен 10 отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.
Бұл бастама – ауылымыздағы бірлік пен жанашырлықтың, мейірімділіктің жарқын көрінісі. Халқымызда «Жақсылық жасасаң – өзіңе қайтады», «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген нақыл сөз бар. Осындай игі іске ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен Ольга Сергейқызына Жыланды ауылдық округі тұрғындары атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жасаған жақсылығыңыз еселеніп қайтсын, игі істеріңіз көпке үлгі болсын! Береке-бірлігіміз артып, жақсылық жасап жарысатын күндеріміз көбейе берсін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1182270?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау