Қарабалық кентіңде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде арық жүйесін тазарту және қар шығару жұмыстары жандандырылды. Кент әкімдігі мердігер ұйымдармен бірлесіп, көктемгі су тасқынына дайындықтың күшейтілген режиміне көшті.
Бүгінгі таңда негізгі күш су өткізгіш құбырларды ашуға және арықтарды қалың қар мен мұздан тазартуға бағытталған. Осы мақсатта арнайы техника жұмылдырылды: еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін экскаваторлар мен тиегіштер кенттің ең қауіпті учаскелерінде жұмыс істеуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-karabalyk/press/news/details/1182780?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау