Қарақия ауданында референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде өткен референдум аясында Қарақия ауданында дауыс беру рәсімі жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталды. Күні бойы аудан тұрғындары референдум учаскелеріне келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасады.

Аудан аумағында референдумды өткізу үшін 18 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс жасады. Барлық учаскелерде дауыс беру процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылып, сайлаушылардың өз еркін білдіруіне қажетті жағдай толық қамтамасыз етілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1181734?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version