Қарақия ауданы аумағында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Аудан аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қолға алынған.
Атап айтқанда, ауданға қарасты ауылдық көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер тарапынан жолдарды күтіп ұстау, жуу және сыпыру жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар елді мекендердің көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындардың денсаулығына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау мақсатында көшелер мен қоғамдық орындарда тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, қоқыс орындарын ретке келтіру, сондай-ақ абаттандыру шаралары да қатар жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы ауданның экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1181711?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау