Qarmet Теміртаудағы «Самал» санаторий-профилакторийін қалпына келтіру жұмыстарын бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Qarmet компаниясы Теміртау қаласындағы Самал санаторий-профилакторийі нысанын қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Жоба нысанның инфрақұрылымын жаңартуға және компания қызметкерлері мен қонақтарының демалуы мен сауықтыруына арналған заманауи жағдай жасауға бағытталған.

Шипажай 1980 жылы Самарқанд су қоймасының жағасында ашылып, көп жылдар бойы металлургтерге емдік-сауықтыру қызметтерін көрсетіп келген. 2025 жылы шұғыл күрделі жөндеу қажеттілігіне байланысты мекеме жұмысы тоқтатылды. Комиссиялардың қорытындысы бойынша ғимарат ем алушылар үшін қауіпсіз емес деп танылған.

Qarmet компаниясының күрделі құрылыс жөніндегі директоры Алексей Сидоренко жөндеу жұмысы жайлы айтып өтті.

— Қазіргі уақытта нысанда ғимараттың жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта ішкі әрлеуді жаңарту, қасбеттерді қалпына келтіру және ғимаратты толыққанды талаптарға сай жағдайға келтіруді қамтитын кешенді жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, — деді ол.

Жоба аясында инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. Электр желілерін, жылу жүйесін, сумен жабдықтау және сантехникалық жабдықтарды жаңарту жоспарланған. Бұл болашақта нысанды сенімді әрі қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді.

Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін «Самал» санаторий-профилакторийі толыққанды жұмысын қайта бастайды. Нысан заманауи келбетке ие болып, тұру мен сауықтыруға қолайлы жағдай ұсынады және қайтадан металлургтердің демалысы мен денсаулығын қалпына келтіретін сұранысқа ие орынға айналады.

Qarmet компаниясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1181622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version