ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарқаралы ауданында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 18 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Қарқаралы қаласында кезекте тұрған 9 көпбалалы отбасыға жаңа пәтердің кілттері табысталды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы баспаналы болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Жалпы, былтырғы жылдан бастап ауданның коммуналдық тұрғын үй қорына сату мақсатында жеке кәсіпкерлер тарапынан тұрғын үйлердің құрылысы басталып, барлығы 27 тұрғын үй салынды. Бұл үйлерде 80 пәтер қарастырылған.

Құрылыс жұмыстары Қарқаралы қаласы, Көктас және Матақ ауылдарында жүргізілді. Бүгінгі күні 15 пәтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сатып алынып, «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кезең-кезеңімен берілуде.

Жаңа пәтер иелері атынан ақ жаулықты ана, Алтын алқа иегері, тыл ардагері Омарова Шәмішкен әже ақ батасын берді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қуанышқа бөленген отбасылар өз ризашылықтарын білдірді.

Ауданда тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1184314?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version