Қасиетті Рамазан айында, мейірімділік пен ізгілікке толы кезеңде, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат аппараты және «AMANAT» партиясының Шахтинск қалалық филиалы мұқтаж отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қасиетті Рамазан айында, мейірімділік пен ізгілікке толы кезеңде, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат аппараты және «AMANAT» партиясының Шахтинск қалалық филиалы мұқтаж отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында 15 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Іс-шараға имам Әбілхайыр Кәсенұлы да қатысты. Аталған игі істі ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Осы қасиетті Рамазан айында жасалған ізгі амалдар әр шаңыраққа береке, жылулық пен татулық әкелсін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1183638?lang=kk

Exit mobile version