Қазақстан ғылымының дамуы: QIST-пен ынтымақтастықтың жаңа перспективалары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан ғылымының дамуы: QIST-пен ынтымақтастықтың жаңа перспективалары

Бүгін, 18 наурыз күні, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандық халықаралық ғылым және технологиялар қауымдастығының (Qazaq International Science & Technology Association) өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және қазақстандық ғылымның халықаралық деңгейде интеграциялану перспективаларын талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ғылыми және білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ шетелде кәсіби қызмет атқаратын жоғары білікті ғылыми кадрларды Қазақстанға тартуға бағытталған.

2014 жылы құрылған QIST ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер (R&D) саласында халықаралық ғылыми қауымдастықты біріктіретін платформа ретінде қызмет етеді. Бүгінде қауымдастық құрамына 30-дан астам елден 250-ден астам ғалымдар, зерттеушілер және сала мамандары кіреді.

QIST президенті, Жапониядағы Рицумейкан Азия-Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов қазақстандық ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимылдағы нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Министрлікте аталған меморандумды іске асыру отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ ғылыми кадрлардың әлеуетін нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1183979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version