Шығыс Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Литке Н.В. Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Апахаев А.А.-ның жеке қабылдауына қатысты.
Жеке қабылдау барысында департамент қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен немесе жатақханадан орынмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы шешімінің 2-тармағының 8) тармақшасын іске асыру шеңберінде көтерілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәселені шешудің ықтимал тетіктерін талқылап, қызметкерлерді тұрғын үймен кезең-кезеңімен қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен тәсілдерді және одан әрі өзара іс-қимылдың ұйымдастырушылық шараларын айқындады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1184529?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау