Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарлыққа сәйкес, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген әскери қызметшілер 2026 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында кезең-кезеңімен запасқа шығарылады. Бұл шара Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қатарында қызмет ететін әскери қызметшілерге қатысты болады.

Сонымен қатар, жарлықта осы кезеңдерде, көктемгі және күзгі шақыру науқандары аясында, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру көзделген. Әскери қызметке кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ, жасы он сегізден жиырма жетіге дейінгі ер азаматтар шақырылады.

Жарлықты іске асыруда жергілікті атқарушы органдарға маңызды міндет жүктеледі. Оларға тиісті әскери басқару органдары арқылы шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде шақыру комиссияларының жұмысын және медициналық тексерулерді қамтамасыз ету тапсырылған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Мемлекеттік күзет қызметіне азаматтарды әскери қызмет өткеру орындарына жөнелту және қызмет мерзімін аяқтаған әскери қызметшілерді запасқа шығару шараларын қаржылық және материалдық жағынан қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Қабылданған жарлық Қарулы Күштер мен басқа да күштік құрылымдардың толықтырылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке құрамның жоспарлы ротациясын жүзеге асыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1182771?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version