Қазақстан СІМ-де Мысыр Елшісімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мысыр Араб Республикасының Елшісі Ибтиссам Ракха Хассанмен кездесті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы серіктестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Сұхбаттастар Астана мен Каир арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1183835?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version