Қазақстанда Digital Nauryz аясында жасанды интеллект бойынша ашық оқыту іс-шаралары өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17–18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне арналған ашық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр.

Іс-шаралар халық көп жиналатын орындарда – қалалық алаңдарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында (СОО), IT-хабтарда және креативті кеңістіктерде еліміздің әртүрлі өңірлерінде өткізіледі. Мұндай формат жасанды интеллект тақырыбын кең аудитория үшін түсінікті әрі қолжетімді етуге, сондай-ақ өңір тұрғындарын заманауи цифрлық құралдармен таныстыруға мүмкіндік береді.

Кездесулер барысында қатысушыларға жасанды интеллектті бүгіннің өзінде күнделікті өмірде, жұмыста және оқуда, контент жасауда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуда қалай қолдануға болатыны түсіндіріледі. Бірқатар өңірлерде AlemGPT платформасының, яғни Жасанды интеллекттің ұлттық платформасының мүмкіндіктері де таныстырылады.

Өңірлерде ашық оқыту іс-шараларын өткізу халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалану мәдениетін кеңінен дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

 

Күні

Аймақ

Өтетін орны

Тақырып

1

17.03.2026

13.00-15.00

Астана

«Хан Шатыр» Сауда-ойын орталығы (СОО)

Alemgpt, Ұлттық жасанды интеллект платформасы

1

17.03.2026

Шымкент

Арбат

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

AlemGPT. Ұлттық жасанды интеллект платформасы

3

17.03.2026

Атырау облысы

Маруси Асаубаева атындағы Шығармашылық орталығы.

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

 

4

17.03.2026

ШҚО

Oskemen Hub

Білім үшін ЖИ

5

17.03.2026

Жетісу облысы

Орталық Арбат

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

AlemGPT. Ұлттық жасанды интеллект платформасы

6

17.03.2026

БҚО

«Атриум» Сауда үйі

Күнделікті өмірде және мемлекеттік қызметте ЖИ қолдану

7

17.03.2026

Костанайская область

«Kostanay Plaza» СОО

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

AlemGPT. Ұлттық жасанды интеллект платформасы

 

8

17.03.2026

Қызылорда облысы

«Жібек жолы» СОО

Генеративті ЖИ, ЖИ негізінде контент құру, СеулТех ЖИ институты

9

17.03.2026

Павлодар облысы

СуперЦОН

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

 

10

17.03.2026

СҚО

«City Mall» СОО

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

 

11

17.03.2026

Түркістан облысы

 «Turan Mall» СОО

Күнделікті өмірде ЖИ қолдану.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1182789?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version