Қазақстанда жаңа Конституцияға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияға қол қойылды. Ресми рәсім аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Президент бұл оқиғаның тарихи маңызын атап өтіп, қабылданған Ата Заң елдің одан әрі дамуына және азаматтардың өміріне елеулі әсер ететінін жеткізді. Мемлекет басшысы Конституцияға Қазақстан халқының атынан қол қойғанын және оны іске асыру жөніндегі жарлықты бекіткенін мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, құжат осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар Конституция күні енді жыл сайын 15 наурызда жалпыұлттық деңгейдегі мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vavilon/press/news/details/1184067?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version