«Қоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ЕСКЕРТЕДІ:

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына сәйкес малдарды қараусыз, бақылаусыз жаюға тыйым салынады.

Еркін жайылымға жіберілген мал қараусыз, кезбе мал болып есептеледі. Малды тиісті бақылаусыз қалдыру арқылы сіз оны мал ұрлаушылардың оңай олжасына айналдырасыз.

Елді мекендерде ұйымдастырылған табындарға қосуды елемеулеріңізді сұраймыз. Малды табыншының қарауына беру арқылы сіз егістік алқаптарының тапталуын болдырмайсыз және өзіңізді мал ұрлығынан қорғайсыз.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген. Аталған бап бойынша 3-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Малды қылмыстық әрекеттерден қорғау мақсатында Ескелді ауданының полиция қызметкерлері келесіні ұсынады:

  • малды қараусыз қалдырмау;

  • малға паспорт алып, оны тұрғылықты жеріңіздегі ветеринариялық бөлімнің ИСЖ базасына тіркеу;

  • асыл тұқымды малды бақылау үшін GPS-трекерлер, дрондар және бейнебақылау камераларын пайдалану;

  • мал басын міндетті түрде таңбалау және сырғалау, бұл ұрланған немесе жоғалған малды табуға және табыншылар арасындағы дауларды шешуге көмектеседі;

  • мал қораларын жақсылап бекіту;

  • жарықтандыру және бейнебақылау камераларын орнату;

  • қора-жайларды бөгде адамдардан қоршау;

  • малды қараусыз қалдырмау, себебі мал автожолға шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін;

  • малдың мүйізін немесе тұяғын жарық шағылыстыратын бояумен белгілеу немесе жарық шағылыстыратын элементтері бар белдік, таспа пайдалану.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1182326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version