Баршаңызды халқымыздың көне дәстүрінен бастау алатын, көктемнің жарқын мерекесі – Әз-Наурыздың жаршысы саналатын Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көрісу күні – Амал – ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, ізгі тілектерін арнайтын ерекше күн. Бұл – татулық пен сыйластықты дәріптеп, ел бірлігін нығайтатын халқымыздың берекелі дәстүрінің айқын көрінісі.
Осындай игі мереке адамдар арасындағы бауырмалдықты арттырып, қоғамдағы ауызбіршілік пен ынтымақты одан әрі нығайта түссін.
Әр шаңыраққа амандық, құт-береке, молшылық тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік болсын!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау