Сіздерді 17 наурыз күні өтетін Көкпардан Әлем чемпионатының топтық ойындарын тамашалауға шақырамыз. Ұлттық спорттың мәртебесін көтеретін бұл дүбірлі додада бірнеше елдің мықты командалары бақ сынап, көрермендерге ерекше әсер сыйлайды.
Жарыс барысында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Тәжікстан, Мажарстан, Ауғанстан және Түркия құрамалары өзара тартысты кездесулер өткізеді.
Іс-шара бағдарламасы:
12:00 – Қырғызстан – Өзбекстан
13:00 – Ресей – Моңғолия
14:00 – Қазақстан – Тәжікстан
15:00 – Мажарстан – Ауғанстан
16:00 – Түркия – Өзбекстан
Ұлттық рухты дәріптейтін тартысты бәсекені бірге тамашалап, спортшыларға қолдау көрсетуге шақырамыз!
Келіңіздер, ұлттық спорттың мерекесін бірге сезінейік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1182599?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау