2026 жылдың 19 наурызында сағат 11:00-13:00 аралығында Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (2 қабат) «Құқықтық киіз үй» атты жалпыоблыстық іс-шара өтеді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.
Қабылдауды жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының және басқа да мүдделі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жүзеге асыратын болады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1184570?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау