Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында, яғни 18 наурыз – Ұлттық киім күні Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бағынысты бөлімшелерінде қызмет атқаратын қызметкерлер жұмыс күнін ерекше көтеріңкі көңіл-күймен атқарды. Себебі, олар күнделікті қызметте киетін формаларын бір сәтке қазақтың ұлттық нақышта әсемделе өрнектелген дәстүрлі киіміне ауыстырды. Азаматтық қорғау қызмектерлері бір-бірін Әз-наурыз мерекесімен құттықтап, амандық пен мол береке тіледі.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау