Қызылорда облысында шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында QR-кодпен жабдықталған арнайы туристік карталар таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы бастама аясында полиция қызметкерлері өңірге келген шетелдік қонақтарға туристік карталарды ұсынып, оның мүмкіндіктерін таныстырды. Түркиялық азамат Ulas Yasar полиция қызметкерлерінің қонақжайлылығын атап өтіп, Қазақстанда өзін қауіпсіз сезінетінін жеткізді. Қонақ Қызылорда қаласын аралап қана қоймай, еліміздің өзге өңірлерін де қызығушылықпен зерттеп жүргенін айтты. Туристік карталардағы QR-кодты сканерлеу арқылы пайдаланушылар SAFETRAVEL.KZ ақпараттық порталына өте алады. Платформа туристерге Қазақстан аумағында қауіпсіз әрі жайлы демалу үшін қажетті маңызды мәліметтерді ұсынады. Портал арқылы: – жеке қауіпсіздік бойынша негізгі ұсыныстармен танысуға; – “102” мобильді қосымшасы арқылы полицияны жедел шақыруға; – төтенше жағдайда өзінің нақты орналасқан жерін анықтауға; – ұялы байланыс операторлары, SIM-карталар, такси қызметтері және басқа да пайдалы сервистер туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар. Порталда ұсынылған барлық ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде қолжетімді. Бұл шетелдік азаматтар үшін сервисті барынша ыңғайлы әрі түсінікті етеді. Аталған бастама шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне ықпал етіп, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен қоғаммен өзара сенімін нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1181847?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау