Полиция қызметкерлері азаматтардың нақты тұрмай-ақ жаппай тіркелуі анықталған мекенжайларды, яғни «резеңке» пәтерлерді анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, пәтерлерді аралау жүргізіледі, сондай-ақ жедел ақпараттар тексеріледі.
Елордада мәслихат шешімімен тұрғылықты жер бойынша тіркеудің нормалары белгіленген — бір адамға кемінде 15 шаршы метр пайдалы тұрғын алаңы қарастырылуы тиіс.
Шұғыл сигнал түскен жағдайда — көршілердің шағымдары, учаскелік полиция инспекторларының хабарламалары немесе жедел ақпарат бойынша көші-қон қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексеру жүргізеді. ІІМ-нің ақпараттық жүйелері арқылы мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың саны мен нақты тұрып жатқан адамдар анықталады.
Еске саламыз, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Сондай-ақ тіркеусіз азаматтардың тұруына жол берген тұрғын үй иелеріне де жауапкершілік қарастырылған.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда елордада «резеңке» пәтерлер саны айтарлықтай азайды. Осы кезеңде 7000-нан астам пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу саласындағы заң талаптарын сақтауға, жалған тіркеуге жол бермеуге және мұндай фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1184189?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау