🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды.
Сапардың негізгі мақсаты — мекеме бойынша келіп түскен шағымды жан-жақты қарау және оны ерекше бақылауға алу. Тексеру барысында шағымда көрсетілген мән-жайлар зерделеніп, жауапты тұлғалармен тиісті әңгімелесу жүргізілді.
Адам құқықтарын сақтау және азаматтардың өтініштері бойынша жедел әрі әділ шаралар қабылдау — Уәкіл институты қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1181836?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау