Сарыарқа ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік марапаттар табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні ретінде белгіленген. Осыған орай, Наурыз мейрамын тойлау шеңберінде Сарыарқаауданында елордалық көпбалалы аналарды ҚР Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табысталды.

 

Іс-шара барысында 40 ана жоғары мемлекеттікнаградалармен марапатталды. Оның ішінде 9 ана – «Алтын алқа», 31 ана – «Күміс алқа» иегері атанды.

 

Салтанатты жиында аудан әкімі ЖанасылШаукентаев көпбалалы аналарды арнайы құттықтап, оларға мемлекеттік төсбелгілерді табыстады. Олананың мейірімі мен тәрбиесі әр шаңырақтыңберекесін арттырып, қоғамның тұтастығыннығайтатынын атап өтті.

 

«Шаңырақ – қазақ үшін отбасының, бірліктің, ұрпақтың белгісі. Әр шаңырақтың берік болуы, еңалдымен, анаға байланысты. Өйткені үйдің жылуыда, берекесі де – ананың мейірімі мен тәрбиесіненбасталады. Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға амандық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін», – деп атап өтті аудан әкімі

 

Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, ұрпақ сабақтастығын, жанұядағы сыйластық пен бірлікті насихаттайтын ерекше күн. Осы мерекеде көпбалалы аналарды ардақтау – анаға деген құрметтің, отбасы институтына деген қолдаудың нақты көрінісі.

 

Айта кетейік, «Күміс алқа» алқасымен алты бала дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар, ал «Алтын алқа» орденімен жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналар марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1183767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version