Семейде «Наурызнама» онкүндігі аясында облыстық ақындар айтысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен Семей қаласында «Наурызнама» онкүндігі жалғасуда. Осыған орай қалалық мәдениет сарайында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Жыр – Жамбыл» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа Абай облысының аудан-қалаларынан 10 айтыскер ақын қатысып, бақ сынады. Атап айтқанда, Қуаныш Еркінұлы, Жасұлан Махаев, Мирас Сламшайықұлы, Қуандық Кенжебекұлы, Манарбек Сатыбалды, Айбек Жеңісқазин, Фархат Маратұлы, Ерасыл Сәрсенбаев, Ерәділ Ереже, Әлішер Қыдырбекұлы өнер көрсетті.

Айтыстың әділқазылар алқасының құрамында Халықтық ақындар орталығының жетекшісі Дәметкен Омарбаева, айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Абай облыстық филиалының төрағасы Дәулет Сметов, сондай-ақ Қарлығаш Әубәкірова, Қайрат Сабырбаев және Ұлан Сағадиев болды. Айтыс екі айналымнан тұрды. Бас жүлде – 1 000 000 теңге.

Бас жүлдені семейлік айтыскер Қуандық Кенжебекұлы иеленді.

І орын – Айбек Жеңісқазин;

ІІ орын – Манарбек Сатыбалды;

ІІІ орын – Жасұлан Махаев.

Шара соңында қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1183662?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version