Шаңырақ күні — Наурыз мейрамы онкүндігінің отбасыға, ұрпақтар сабақтастығына және үй ішіндегі бірлікке арналған күндерінің бірі. Бұл күннің басты нышаны — шаңырақ, яғни киіз үйдің төбесіндегі дөңгелек бөлігі. Қазақ мәдениетінде шаңырақ үйді, әулетті, өмірдің жалғасуын және отбасының ортақ тағдырын білдіреді.
Бұл күні отбасылық құндылықтарға ерекше мән беріледі: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, туыстық байланысты нығайту және салт-дәстүрді сақтау.
Шаңырақ — киіз үйдің бір бөлшегі ғана емес, ол тұрақтылықтың, қорғаныштың және ұрпақ жалғастығының белгісі. Қазақ халқы «шаңырағы биік болсын» деп, әр шаңыраққа беріктік, ырыс-береке және бақыт тілейді.
———
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1183360?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау