«Шаңырақ күні – Ұрпақтар үндестігі»: ата-аналар форумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында ата-аналар форумы өтті.

17 наурыз 2026 жылы Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» ұйымдастыруымен «Шаңырақ күні – Ұрпақтар үндестігі!» қалалық ата-аналар форумы өтті.

Форумға жалпы 350-ден астам адам қатысты.

Белсенді және үлгілі отбасылар:

Махашевтер Өмірғали мен Раушан – 42 жыл бірге, 4 баланың ата-анасы, 9 немере, «Мерейлі отбасы» жеңімпазы;

Тлеубековтер Болат пен Ғалия – 35 жыл бірге, 6 баланың ата-анасы, «Күміс алқа» иегері;

Жазыбаевтар Айдар мен Салтанат – 25 жыл бірге, 7 баланың ата-анасы, «Алтын алқа» иегері, республикалық байқаулар жеңімпазы;

Әлішевтер Нұржан мен Айгуль – 2008 жылдан бірге, 6 баланың ата-анасы, ақын, сазгер, жастарға үлгі.

Сонымен қатар осы күні қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен дәл осындай ата-аналар форумы өтті.

Форумға мектеп, ата-аналар комитеттерінен, әкімдік пен әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен 350-ден астам қатысты.

Екі форумда да талқыланған негізгі тақырыптар:

•Отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту;

•Балаларды саналы азамат ретінде тәрбиелеу;

•Белсенді ата-аналарды қолдау және ынталандыру;

•Қалалық білім беру жүйесінде ата-аналар рөлін күшейту.

Форум соңында қатысушыларға Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаты табыс етілді, ал форум ұсынымдары қабылданып, іске асыруға ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1184416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version