2026 жылғы 16 наурыз күні Шымкент қаласында Наурызнама тұжырымдамасы аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Аталған күн ұлттық мәдениетімізді насихаттауға, ата-бабадан мұра болып қалған салт-дәстүрлерді дәріптеуге және ұлттық құндылықтарды кеңінен танытуға бағытталған.
Мерекелік бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық тағамдар көрмесі, сондай-ақ кітап көрмелері мен жәрмеңкесі ұсынылады. Сонымен қатар шығармашылық одақ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, ұлттық өнер мен мәдениет тақырыбында мазмұнды пікір алмасу өтеді.
Сондай-ақ мерекелік бағдарлама шеңберінде сағат 11:00-де Концерттік-көрме орталығында «Жарапазан Fest» республикалық фестивалі өтеді.
Фестивальдің мақсаты – ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, халықтық өнерді насихаттау және қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Аталған іс-шаралар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1181812?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау