2026 жылы 18 наурыз күні Шымкент қалайсы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының «Жас ғалымдар» клубы және М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығы 2026 жылы 15 наурызда Еліміздің Ата заңы – Конституцияның жаңа жобасын қабылдағаны бойынша өткен референдумнің қорытындысы Еліміздің білім саласын дамыту және ғылыми әлеуетті қолдау саясатында, аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуында ықпалы мен тиімділігін іске асыруда өңіріміздің жетекші оқу орындарының жас ғалымдарымен – «Ғылым, білім және инновация конституциялық басымдық ретінде» тақырыбында ІІІ дискуссиялық алаңшасын өткізді.
Алаңшаның басты мақсаты – жас ғалымдар арасында инновация мен технологиялық өзгерістердің ықпалындағы ғылым мен білім саласын дамуында жаңа Конституцияның рөлі мен маңыздылығы, аймақтардың әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықта ғылым, цифрландыру, иннновациялық жобаларды қолдау, білім саласына ықпалы, ұлттық код бағытында саясаты, «ұлттық брендті» нығайту жолдары мен ел үшін тиімділігі, ұлттық келісімде бірігейлікті сақтаудың тарихи-мәдени аспектілерін зерделеуде тұжырымдамалық ойларын ортаға салды, ортақ жобалардың іске асыруға бағытталды.
Жиын барысында ғылыми-сарапшылық тобымен «Жас ғалымдар» клубының белсенді жас ғалымдары референдумнің өтуінде танытқан белсендігі, ғалымның талдауы, жаңа заңның ғылыми-зерттеулерге мемлекеттен қолдауы, инновациялық жобалардың әлеуметтік-экономикалық салаға ықпалдығы PhD доктор, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі – А.Б. Монтаев «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, Тарих және этнология» ғылыми орталығының басшысы, «QAZAQTANY» журналдың жауапты редакторы Ш.Торгаутова, «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталықтың доктранты Е.Байтанаев, Ж.А.Алимкулова – Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Заң және экономика» бағытындағы докторант, А.Ахмедова – «Мирас» колледжі, тарих пәнінің оқытушысы, сонымен қатар магистранттар өз пікірлерін білдірді.
Қабылданған жаңа Конституция аумақтық тұтастық ретіндегі іргелі құндылықтарын сақатап, мемлекеттің адами капиталын қорғауға және дамытуға, республиканың саяси институттарының сапасын арттыруға, ынтымақтастық, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтатын, біртұтас ұлтты құру туралы бағыттайтын жан-жақты жаңа мәтін, алдағы жылдарда мемлекеттік дамудың трансформациясы елдің негізгі басымдығы ретінде адамның құқықтары мен бостандығын нығайтатыны, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігінің артуымен, қоғамдық дамуды демократияландыру, қоғаммен өңірлерде тұрақты дамыту жөніндегі азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтардың әлеуметтік-саяси, экономикалық және экологиялық мәдениеті жыл сайын белсенді өсіп келе жатқаны туралыда айтылды.
Бүгінде Қазақстан Орталық Азияда және халықаралық аренада бейбітшілікті сүйетін, жасампаз әріптес үлгісі бойынша орталықтардың біріне, шекара маңындағы мемлекеттер бағдарланатын ғылыми-білім беру хабтарын дамыту орталығына айналып, өңірлерді экономикалық және стратегиялық тұрғыдан маңызды дамытудың жаңа жобалары бірлесіп әзірленіп жатқаны туралы ойлар қозғалды. Қазақстандық қоғамының дәстүрлі негіздерін бекіту мақсатында әйелдердің құқықтарын қорғаумен болашақ ұрпақты сақтау, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, әділдікті сақтау, мәдениет пен білім сапасын, ғылым мен инновацияларды нығайтуға, табиғи ресурстарға және ұлтымыздың байлығына ұқыпты қарауға, зияткерлік меншікті қорғауға, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығының ұлттық басымдықтарына, азаматтардың елдің болашақ ұрпағы мақсатында бейбітшілікті, тәртіпті, мемлекеттің тұрақты дамуын сақтауға жоғары жауапкершілік жөнінде пікірлер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1184551?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау