Шымкенттік Софья Берульцева каратэнің ең беделді жарыстарының бірі – Karate One Premier League Rome 2026 кезеңінде тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді.
🔷 Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы +68 кг кумитэ салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, Karate One Premier League сериясындағы мансабындағы 16-шы жүлдесін және 6-шы алтын медалін иеленді.
🔷 Бұған дейін биылғы маусымда Karate One Premier League Istanbul 2026 кезеңінде де жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген Софья Берульцева 2026 жылғы Grand Winner атағына басты үміткерлердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1182154?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау