🌸 ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР! 🌸
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шараға шын жүректен шақырамыз!
📅 Күні: 21 наурыз
⏰ Уақыты: 10:00
📍 Өтетін орны: №28 мектеп
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, ізгілік пен берекенің, татулық пен бірліктің мерекесі. Бұл күні барша жұрт бір-біріне ақ тілек айтып, дастархан жайып, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптейді. Осы мерекелік шарада сіздерді қызықты концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар, әсем ән мен би, салт-дәстүрлер көрінісі, театрландырылған қойылымдар және көтеріңкі көңіл-күй күтеді.
Келіңіздер, көктемнің шуақты мерекесін бірге қарсы алып, халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрін бірге дәріптейік! Әрбір қонақ – біз үшін қадірлі!
Ізгі ниетпен, ұйымдастырушылар сіздерді және отбасы мүшелеріңізді осы тамаша мерекеде күтеміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-bayserke/press/news/details/1183675?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау