Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамының бастауы саналатын 14 наурыз – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамының бастауы саналатын 14 наурыз – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көрісу күні – халқымыздың сан ғасырдан келе жатқан тағылымды дәстүрі. Бұл күні алыста жүрген ағайын қауышып, үлкенге құрмет көрсетіп, «Бір жасыңмен!» деп ақжарма тілектер айтылады. Реніш ұмытылып, адамдар бір-біріне ізгі ниет, ақ тілек арнайды.

Осындай ізгі дәстүр арқылы халқымыздың кең пейілі, бауырмалдығы мен бірлігі айқын көрініс табады.
Бұл күн – тек амандасып, көрісетін сәт қана емес, жүректерді жақындастырып, адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты нығайтатын ерекше мереке. Көктемнің шуақты лебімен бірге жаңарған көңіл, жаңарған үміт те әр шаңыраққа шаттық сыйлайды.

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бұл игі дәстүр халқымыздың бірлігі мен берекесінің айғағы болып қала бермек.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін! Көрісу күні әр үйге қуаныш, ырыс пен ынтымақ алып келсін. Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын!

Құрметпен
Әйтеке би ауданының әкімі
Д.Тоғызбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1181672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version