Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңінің тұрақтылығын қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Талқылауға мемлекеттік органдар мен бейінді қызметтердің өкілдері қатысты.
Баспасөз конференциясына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінен вице-министр М. Ошурбаев қатысты, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация, Төтенше жағдайлар, Көлік министрліктерінің өкілдері де қатысқан. «Қазгидрометтен» бас директордың бірінші орынбасары Қалиев Асет Сансызбайұлы қатысты.
«Қазгидромет» өкілі елдегі ағымдағы гидрометеорологиялық жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қар жамылғысының жай-күйіне, топырақтың тоңдану тереңдігіне және өзендердегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Метеорологиялық станциялардан алынатын бақылау деректері өзгерістерді дер кезінде қадағалап, су тасқыны жағдайының дамуын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол көктемгі су тасқынының басталуына және әртүрлі өңірлердегі ықтимал қауіптерге жеке тоқталды.
Баяндамадан кейін спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап беріп, ағымдағы болжамдар мен өңірлердегі жағдайды жан-жақты түсіндірді.
Соңында қатысушылар су тасқыны кезінде барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы және халықты жедел ақпараттандыру аса маңызды екенін атап өтті. Бұл ықтимал тәуекелдерге алдын ала жауап беруге және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1184216?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау