Тараз қаласының өрт сөндіру бөлімінде кезекшілік жылы жүздесуден басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көрісу күні мерекесіне орай Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде кезекшілік жылы жүздесу мен құшақтасудан басталды. Бөлім қызметкерлері ұлттық дәстүр бойынша бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Тәуліктік кезекшілікке түскен жеке құрам қызмет барысында да салт-дәстүрді сақтау, үлкенге құрмет, әріптестер арасындағы бірлік пен сыйластықтың маңызды екенін атап өтті. Мереке күні қызметкерлер бір-біріне амандық, тыныш кезекшілік, отбасыларына бақ-береке тілеп, ел тыныштығын қорғаудағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Көрісу күні Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінде жыл сайын аталып өтіп, ұжым арасындағы татулық пен ауызбіршілікті нығайтатын игі дәстүрге айналды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1181602?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version