Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды.
Анықталғандай, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы “жалақысы жоғары жұмыс” туралы жарнама таратқан.
Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан.
Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған.
Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды.
Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды.
Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1183691?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау