Түркістан облысында полиция браконьерлерден 130 келіге жуық балық тәркіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері су биоресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлармен профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында заңсыз балық аулаудың жолын кесті.

     Полицейлер Шардара су қоймасында жүргізілген рейд барысында екі жергілікті тұрғынды анықтады. Браконьерлер қайық және балық аулау торларының көмегімен 130 келіге жуық балықты заңсыз өндірген.

     Биоресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

     Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды заңды сақтауға және табиғатты қорғауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1183870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version