ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласындағы референдум учаскелерінде дауыс беру тек саяси науқанмен шектелмей, тұрғындардың мерекелік көңіл-күйін көтеру және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сайлаушылар арасында асық ату, арқан тарту, қол күрес сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтіп жатыр. Бұл шаралар тұрғындарға патриоттық рух пен бірлік сезімін сыйлап, референдумға қатысуды қызықты әрі көңілді етеді.
Жастардан бастап, зейнеткер жастағы азаматтарға дейін барлық қатысушылар спорттық жарыстарға белсенді қатысып, мерекелік Наурыз атмосферасын сезінуде. Ұйымдастырушылар дауыс беру үдерісінің заңдылығын және қатысушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1181565?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version