ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласындағы референдум учаскелеріне таңертең ерте келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды. Өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, саяси науқанға алғашқылардың қатарында қатысқан тұрғындарға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар ұсынылды.
Аталған шара тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Алғашқы болып дауыс берген азаматтар өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетіп, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін танытты.
Бүгін елімізде өтіп жатқан жалпыұлттық референдум аясында Түркістан қаласының тұрғындары да өз учаскелеріне келіп, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1181562?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version