ТҮРКІСТАНДА ГҮЛ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында абаттандыру және көріктендіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осыған орай, шаһар аумағында көктемгі гүл егу науқаны басталды.
Жалпы жоспарға сәйкес, қала бойынша 2 миллионға жуық гүл отырғызу көзделген. Атап айтқанда, петуния, бархатцы, циннея, виола, катарантус, сальвия, колеус және целлозия секілді бірқатар гүл түрлері егілуде.
Гүл егу жұмыстары қаланың негізгі кіреберіс аймақтарын, туристік нысандар маңын және орталық көшелерді қамтиды. Атап айтқанда, Б.Саттарханов даңғылы, әуежай мен теміржол вокзалы аумақтары, сондай-ақ «Керуен сарай», Конгресс Холл, Әкімшілік-іскерлік орталық, саябақтар мен гүлзарларда кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1184076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version