«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Көрісу күні – Амал мерекесіне» арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көрісу дәстүрінің мәні мен маңызы кеңінен насихатталып, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Қатысушылар бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдіріп, халқымыздың татулық пен сыйластыққа негізделген мәдениетін паш етті.
Шара аясында ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, өскелең ұрпаққа халқымыздың бай мұрасы таныстырылып, дәстүр сабақтастығын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.
Аталған мәдени-танымдық кездесу ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қоғамда бірлік пен сыйластықты арттыруға бағытталған тағылымды іс-шаралардың бірі болды.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1181873?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау