ТҮРКІСТАНДЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМДА БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдауға қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Маңызды саяси науқан аясында азаматтар өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысуда. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Аталған учаскеде таңғы уақыттан бастап тұрғындардың белсенділігі жоғары байқалады. Дауыс беруге 18 жасқа жаңадан толған жас сайлаушылардан бастап, аға буын өкілдері мен зейнеткерлер де қатысып, елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамайтындарын көрсетуде.
Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 референдум учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелерде дауыс беру үдерісі заң талаптарына сәйкес жүргізіліп, тұрғындардың еркін таңдау жасауына толық жағдай жасалған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1181566?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version