«ТЖ-ға ден қоюдың өңірлік жоспарларын өзектендіру: тәсілдер, құралдар, практика»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындықты арттыру шеңберінде «ТЖ-ға ден қоюдың өңірлік жоспарларын өзектендіру: тәсілдер, құралдар, практика» тақырыбында вебинар (оқыту іс-шарасы) өтті.
Іс-шара ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында Chevron, ICAP Global Health қолдауымен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы өкілдерінің және заңды тұлғалардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Аталған вебинарда Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Е.И. Пивоваров қатысып, тәжірибесімен бөлісті: «Шығыс Қазақстан облысының мысалында АҚ және ТЖ бойынша жоспарлардың құрылымына шолу жасау. Жетілдіру жөніндегі ұсынымдар» тақырыбында баяндама жасады. Спикер барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға қызметтердің дайындығын арттыруға ықпал етеді.ч
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1182914?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version