ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ АЙНАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
18 наурыз – Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күні. Бұл күн – халқымыздың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен ұлттық болмысын дәріптейтін ерекше мереке.
 
Ұлттық киім – ұлттың тарихы мен дүниетанымының айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен нақыштың астарында терең мағына, ұлттық рух жатыр. Сондықтан ұлттық киімді ұлықтау – өз тамырымызды ұмытпай, рухани құндылықтарымызды дәріптеудің жарқын үлгісі.
 
Осы орайда, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен мемлекеттік қызметшілер ұлттық киім киіп, жұмысқа келді. Бұл – ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісі.
 
Іс-шара барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы барша тұрғындарды Ұлттық киім күнімен құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ақтаев ақ батасын берді.
 
Мерекелік жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров бастаған мәслихат аппараты қызметкерлері қатысып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға өз үлестерін қосты.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1183911?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version