️ 15 наурыз – Наурызнама онкүндігі аясындағы Қайырымдылық жасау күні.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті автожол саласының ардагерлерін құттықтады.
Комитет өкілдері ардагерлердің шаңырағына барып, еліміздің автомобиль жолдарын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.
️ Ардагерлер – жол саласының қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған, өз еңбегі мен мол тәжірибесі арқылы кейінгі буынға өнеге болып отырған жандар. Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілейміз.
Келе жатқан Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/1181675?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау