Бүгін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерлер форумының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Ауқымды шараға волонтерлік ұйымдардың өкілдері, белсенді жастар, қоғам қайраткерлері және әлеуметтік жобалардың бастамашылары қатысты. Іс-шара барысында аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев сөз сөйледі.
Форум еріктілер қозғалысының қоғам дамуындағы рөлін талқылап, пікір алмасуға және жаңа идеялар ұсынуға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңына айналды.
Іс-шараға қатысқан Қарағанды облысының жастары адами капиталды дамыту, отбасы мен әлеуметтік бастамаларды қолдау, жеке меншік құқығын қорғау және жастардың әлеуетін ашуға бағытталған бастамаларды қолдайтынын білдірді. Сонымен қатар спикерлер қоғам өміріндегі волонтерлік қызмет пен қайырымдылықты дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.
Салтанатты рәсім қазақстандық танымал орындаушылар Айқын мен BAYANSULU қатысқан мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1182028?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау