Астанада Т.Айбергенов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте құқықтық мәдениетті арттыру мен жол жүру ережелерін насихаттауға бағытталған «Заң сақшылары: School Ambassadors» атты ауқымды жоба қолға алынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның басты мақсаты – оқушылар арасынан белсенді көшбасшыларды іріктеп, олар арқылы мектепте қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Бұл жоба оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мектеп ортасында жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталған.
Кездесуге Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Арман Тоғызбаев, Байқоңыр ауданы ПД жеке құрамымен жұмыс бөлімінің бастығы Данияр Беспаев, Патрульдік полиция мамандандырылған батальонының аға инспекторы Мырзахан Ғабдулов, инспектор Еламан Ихсанов арнайы келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шарада «Жас сақшылар» жол ережесі туралы танымдық бейнеролик көрсетілді. «Жас шекарашылар» сыныбы жоғары деңгейдегі саптық дефиле көрсетіп, дайындықтарын паш етті.
Мектептің «Жас сақшылары» бастауыш сыныптарға барып, оқушыларға жол жүру ережесінің маңызды тұстарын, көшедегі қауіпсіздік шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы жадынамалар таратты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1184359?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау