Зеренді ауданының прокуратурасымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зеренді ауданы прокуратурасының үйлестіруімен пробация қызметі есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкенің мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталама жасаудын алдын алу мақсатында, оларды тұрақты жұмысқа орналастыру, әлеуметтік, құқықтық және өзге де көмек түрлерін ұсыну болып табылады.

Жәрмеңкеге қатысушыларға электрондық еңбек биржасында аудан аумағындағы 6 жұмыс берушілер тарапынан жарияланған 13 бос жұмыс орындар ұсынылды.

Жәрмеңке аясында еспете тұрған жұмыссыз 4 тұлғаның 2-і жұмысқа орналастырылды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1182668?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version