Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтарға және кәсіпкерлерге маңызды хабар: 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап адамдар жаппайжиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатынғимараттарды қабылдау және пайдалануға беру тәртібіжаңартылды. Бұл өзгерістер Қазақстан РеспубликасыЗаңдарына және Төтенше жағдайлар министрініңбұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.   Негізгі жаңалықтар: •«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 66-2-бабына сәйкес объектіні пайдалануалдында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралықорытынды алу міндетті. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілген (75-бабы 3-тармақшасына) •Өрт қауіпсіздігі бойынша қорытынды алу тәртібі Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы №359 бұйрығымен бекітілген.  •Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету үшін тиісті рұқсат құжаттарын алу қажет. •Мемлекеттік қызмет «Е-license» жүйесі арқылы электронды форматта көрсетіледі (электрондық үкімет порталы).    Маңызды түсініктеме: •Адамдар жаппай болатын объектілерге сауда, тамақтану, спорт, мәдени-ағарту мекемелері, вокзалдар, ғибадат үйлері, қонақ үйлер және білім беру/денсаулық сақтау ұйымдары кіреді.  •Объектілерді қабылдау және пайдалануға беру барысында барлық құжаттар: декларация, сапа туралы қорытындылар, өрт қауіпсіздігі қорытындысы тексеріледі. Барлық өзгерістерді ресми ақпараттық-құқықтық жүйеде Әділет сайтынан көруге болады.   Туындаған сұрақтар бойынша толық ақпарратты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық нормалау бөлімінен білуілеріңізге болады.   Мекен-жай: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 13 Байланыс телефоны: 8 (7262) 99-90-59 8 (706) 706-72-26 Оразханұлы Әлібек 8 (771) 419-49-99 (WhatsApp)

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1184031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version